Жаңалықтар

Қазақстанда жыл басынан бері жүзден астам бала терезеден құлап кеткен

«2024 жылдың басынан бері 112 шұғыл әрекет ету қызметі кезекшісінің пультіне тұрғын үйлердің терезелерінен балалардың құлағаны туралы 102 хабарлама келіп түсті. Осылайша, апат салдарынан жеті адам қайтыс болды, қалған 95-і әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды», – делінген ТЖМ хабарында. 

Оқыс оқиғалар Астана (18), Алматы (2), Шымкент (5) қалаларында, Қарағанды (12), Батыс Қазақстан (6), Шығыс Қазақстан (3), Қызылорда (13), Атырау (5), Жамбыл (2), Қостанай (6), Ақмола (5), Ақтөбе (2), Павлодар (6), Солтүстік Қазақстан (1), Маңғыстау (5), Абай (5), Ұлытау (5), Жетісу (1) облыстарында болған.

 

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close