Forbes Kazakhstan 2024 жылғы қаржылық нәтижелер бойынша Қазақстандағы ең ірі 75 жекеменшік компанияның жаңартылған рейтингін жариялады. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Shyndyk.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Тізім компаниялардың жылдық табысы, қызметкерлер саны және төленген салық көлемі негізінде жасалған.
1-орын — KAZ Minerals (1,8 трлн теңге)
Рейтингтің көшін Владимир Ким иелік ететін KAZ Minerals компаниясы бастады. Компания 2024 жылы 1,8 трлн теңге көлемінде табыс тіркеген. Тең иеленуші – Олег Новачук.
2-орын — Kazakhmys (1,4 трлн теңге)
Екінші орында Кимге тиесілі тағы бір алпауыт – «Казахмыс» корпорациясы. Компанияны ол Эдуард Огаймен бірге басқарады.
3-орын — Astana Motors (1,18 трлн теңге)
Үздік үштікке алғаш рет Нұрлан Смағұловтың Astana Motors компаниясы кірді. Бұған дейін компания төртінші орында тұрған.
4-орын — Qarmet (752,7 млрд теңге)
Төртінші орынға Андрей Лаврентьев басқаратын Qarmet компаниясы жайғасты.
Жаңартылған рейтинг елдегі жеке сектордың даму қарқынын және ірі ойыншылар арасындағы бәсекенің артып келе жатқанын көрсетеді.



