
Фото: pixabay.com
Қазақстандағы ең қарт адам Ұлытау облысында тұрады. Жуырда кейуана 115 жасқа толды, деп хабарлайды qandastar.kz Еңбек министрлігінің дерегіне сілтеме жасап.
Министрліктің мәліметінше, бүгінде елімізде 100 жастан асқан 448 қария бар. Оның ең көбі Алматы қаласында – 58 адам. Екінші орында Түркістан облысы (53 адам), ал үшінші орында Алматы облысы (37 адам).
Сонымен қатар Павлодар облысында жасы 113-тен асқан, Жамбыл облысында 110 жасқа жеткен қария тұрады.
Айта кетейік, 1 қазанда Қазақстанда Қарттар күні атап өтіледі. Халықаралық қарттар күні алғаш рет 1990 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен белгіленген.