ӘкімЖаңалықтар

Қазақстандағы ең жас әкім – 27 жаста

Қазақстанда ең жас ауыл әкімі ретінде 27 жастағы Сағынжан Тұрақбаев аталып отыр. Ол – Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданына қарасты Шебір ауылдық округінің әкімі. Тұрақбаев бұл қызметке 2024 жылы сайланған, деп жазды qandastar.kz

«Жаспын деп еркелеуге болмайды. Барлық іске жауапкершілік керек. Ауыл тұрғындарының сенімі мен аманаты бар. Сондықтан бәріміз бірге жұмыла жұмыс істеп жатырмыз», – деді жас әкім.

Айта кетейік, бүгін Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен алғаш рет ауыл әкімдерінің диалог-платформасы өтіп жатыр. Шара ауылдық округ басшыларының тәжірибе алмасуына және жергілікті басқару жүйесіндегі өзекті мәселелерді талқылауға бағытталған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button