Жаңалықтар

Қазақстандағы ҚҚС өсіміне қатысты сауалнама қорытындысы шықты

Demoscope жүргізген сауалнама нәтижесінде қазақстандықтардың 60%-дан астамы ҚҚС өсімінен кейін өмір сүру деңгейі төмендейді деп алаңдайтыны анықталды, деп жазады qandastar.kz. Респонденттердің 61,4%-ы бұл өзгеріс тұрмыс сапасына кері әсер етеді деп санайды. Олардың 32,4%-ы жағдай едәуір нашарлайды десе, 29%-ы аздап болса да қиындық болатынын айтты.

Ал сауалнамаға қатысқандардың 20,6%-ы ҚҚС өсімі олардың өміріне әсер етпейді деп есептейді. Тағы 9% азамат бұл өзгеріс белгілі бір деңгейде өмір сапасын жақсартуы мүмкін деген пікірде.

Халықтың басым бөлігі ҚҚС көтерілген жағдайда тауарлар мен қызметтер бағасы қымбаттайды деп күтуде (65,5%). Сонымен бірге шағын және орта бизнестің азаюы (27,3%), жұмыссыздықтың өсуі (26,5%) және көлеңкелі экономиканың күшеюі (19,6%) мүмкін екені айтылған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button