2026 жылғы 1 ақпандағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 2 млн 538 мың зейнеткер тіркелген. Жыл басынан бері оларға республикалық бюджеттен жалпы 395,2 млрд теңге зейнетақы төленді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сәйкес, осы соманың 131,3 млрд теңгесі базалық зейнетақыға, ал 263 263,9 млрд теңгесі ынтымақты зейнетақы төлемдеріне бағытталған.
Қазіргі таңда жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 157 843 теңгені құрайды. Оның ішінде:
-
ынтымақты зейнетақы — 103 931 теңге;
-
базалық зейнетақы — 53 912 теңге.
Министрлік еске салғандай, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы әр азаматтың еңбек өтіліне қарай жеке есептеледі. Еңбек өтіліне 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі ынтымақты жүйедегі жұмыс кезеңі және міндетті зейнетақы жарналары төленген уақыт енгізіледі.
Егер еңбек өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы мөлшерінде белгіленеді. 10 жылдан асқан әр жыл сайын төлем 2%-ға өседі. Мысалы, 20 жылдық өтіл кезінде – 90%, ал 34 жыл және одан көп болған жағдайда – 118%-ға дейін жетеді.
Сондай-ақ, міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты әрі толық төленсе, болашақта базалық зейнетақы мөлшері де жоғары болатыны атап өтілді.
Жасына байланысты зейнетақы көлемі 1998 жылға дейінгі жұмыс өтілі мен азаматтың орташа айлық табысына қарай анықталады.



