Жаңалықтар

Қазақстандық әйел Telegram-арнасы арқылы 20 мың теңге табыс тауып, жарты миллион қарыз болған

Фото: Shutterstock

Қостанай облысындағы Жітіқара аудандық соты жергілікті тұрғынның атына 1,5 миллион теңге көлеміндегі банктік несиені білмей берген азаматтың ісін қарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Соттың хабарлауынша, несие әйелдің атынан өткен жылдың наурыз айында онлайн-өтініш арқылы берілген.

«Сол күні мобильді қосымша арқылы талапкердің банктік шотынан жауапкердің банктегі карточкалық шотына 500 мың теңге сомасында қаражат аударылды», – деді сот.

Әйел алаяқтық фактісі бойынша құқық қорғау органдарына хабарласқан. Содан кейін Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігі 4-тармағы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотта сотталушы өз кінәсін мойындап, құпия сөзді үшінші тұлғаларға бергенін айтты.

«2023 жылдың наурыз айында ол Telegram-арнасында ақша табуға болатынын көрген. Ол үшін мобильді қолданбада аккаунт ашқан. Содан кейін ол аккаунттың құпия сөзін үшінші тұлғаға берген. Олардың өтініші бойынша ол 20 мың теңге алған. Артынша мобильді қосымшасын пайдалана алмай қалған», – деп хабарлады сот.

Логин, пароль немесе бір реттік кодтар арқылы интернет және мобильді банкинг арқылы жүргізілген барлық операцияға банк клиенттерінің өздері жауапты болғандықтан, сот талап арызды қанағаттандыру туралы шешім қабылдады.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Облыстық сот шешімі бойынша, жауапкер талапкерге 500 мың теңге төлеуге міндеттелді. Жәбірленуші екінші тұлғадан бір миллион теңге өндіріп алу үшін тиісті органға шағым түсірді.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістанда мемлекеттен грант алғысы келген әйел алаяққа алданып қалғаны туралы жазған едік.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close