Шоу бизнес

Қазақстандық актер Мұрат Бисембин дүниеден өтті

Қазақстандық актер, қалың көрерменге культтік «Рэкетир» фильміндегі рөлі арқылы кеңінен танылған Мұрат Бисембин 54 жасында өмірден өтті, деп жазады qandastar.kz

Актердің қайтыс болғаны туралы оның қызы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында қаралы хабар жариялап, мәлімдеді.

Бұған дейін Мұрат Бисембиннің бір жылдан астам уақыт бойы онкологиялық аурумен күрескені хабарланған болатын. Сондай-ақ, ол жуырда инсульт алған. Актердің денсаулығының күрт нашарлағаны жөнінде оның жақындары мен әріптестері де айтқан еді. Атап айтқанда, актер Жан Байжанбаев Мұрат Бисембиннің жағдайы алаңдаушылық тудырғанын мәлімдеген болатын.

Қазақстандық кино қауымдастығы мен көрермендер актердің туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button