Жаңалықтар

Қазақстандық актриса Netflix фильміне түспек

Фотоколлаж  Azattyq Rýhy

Қазақстандық танымал актриса Алтынай Нөгербек Netflix платформасының ҚарЛАГ туралы жаңа фильмге түсіп жатыр, деп жазды qandastar.kz

Ulys-қа берген сұхбатында актриса түсірілімнің Испанияның Бильбао қаласында өтіп жатқанын және оның 2,5 айға созылатынын айтты. Жобаға Қазақстаннан тағы үш актер – Дина Тасболатова, Сергей Уфимцев және Фараби Ақкөзов шақырылған. Фильм режиссері – «Бумажный дом» сериалымен танымал испандық Мигель Ангель Вивас. Басты рөлде «Элита» драмасынан белгілі Аарон Пиппер ойнайды.

 

Алтынай Нөгербектің айтуынша, бұл жоба Қазақстандағы испан елшісінің бастамасымен жүзеге асырылған. Елші ҚарЛАГ-та болған испандар туралы деректі фильмдер түсіріп, осы тақырыпты көркем фильм ретінде кеңінен таныстыруға ұсыныс жасаған. Фильмнің сценарийі бірнеше рет өзгертіліп, толықтырылған.

Оқиға испан дәрігері мен қазақ қызы Айсұлудың арасындағы қарым-қатынасқа негізделген. Айсұлудың рөлін Дина Тасболатова сомдайды. Фильмде қазақ қызының туған жеріне деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімі терең көрсетіледі. Алтынай Нөгербек ҚарЛАГ-тағы ананың рөлін ойнайды. Фильмнің премьерасы 2025 жылдың соңына жоспарланған.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close