Жаңалықтар

Қазақстандық Алматыдағы әлем чемпионатында алтын медаль алды

Фото: kazsports.kz

Қазақстандық фристайлшы Анастасия Городко Алматыда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп жазды qandastar.kz

Бүгін параллельді могул сайысында бақ сынаған Анастасия Городко алтын медальға қол жеткізді. Шешуші сында ол америкалық Риз Чапделайнді жеңіп, жеңімпаз атанды. Қола жүлде америкалық Эбби Макларнонға бұйырды.

Параллельді могул жарысына 11 елден 23 спортшы қатысты. Ал бір күн бұрын Анастасия жекелей жарыста күміс медаль иеленген еді.

Еске салсақ, 2022 жылғы әлем чемпионатында Анастасия Городко үш медальға ие болды: параллельді могулда жеңіске жетіп, жекелей және аралас командалық сында екінші орын алды. Сонымен қатар, 2024 жылғы әлем чемпионатында ол могулдан бірінші, параллельді могулдан екінші орынға табан тіреді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close