Жаңалықтар
Қазақстандық әріптесінен кешірім сұраған Украина премьері отставкаға кетті

15 шілдеде Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль отставкаға кету жөнінде өтініш жазды, деп хабарлады Qandastar.kz сайты УНИАН порталына сілтеме жасап. Ол президент Владимир Зеленскийге сенім білдіргені үшін алғыс айтып, өз командасына ризашылығын білдірді. Премьер-министр қызметін оның орынбасары Юлия Свириденко атқаратын болды.
Агенттік мәліметінше, Шмыгаль отставкаға Украинада атқарушы билік жүйесінде болғалы отырған реформаларға байланысты кеткен. Бұған дейін Зеленский Шмыгальдің тәжірибесі елдің Қорғаныс министрі қызметінде пайдалы болатынын айтқан.
Сондықтан экс-премьер алдағы уақытта Украина Қорғаныс министрлігін басқаруы мүмкін. Айта кетейік, Украина Ресеймен үш жылдан астам уақытқа созылған соғыстың ортасында тұр.
Шмыгальдің өмірбаянында Қазақстанға қатысты ерекше бір жайт бар. 2020 жылы, коронавирус пандемиясының өршіп тұрған кезінде, ол Қазақстанның сол кездегі премьер-министрі Асқар Маминнен ресми кешірім сұрауға мәжбүр болды.
Себебі Украина инфрақұрылым министрі Владислав Криклий Маминмен кездесуге келгенде, жарамсыз ПТР-тест ұсынған. Осыдан кейін Асқар Мамин украин премьерінің кешірімін қабылдаудан бас тартқан еді.
Бұл кезде Украина мен Ресей арасындағы бейбіт келіссөздер тығырыққа тіреліп тұрған.