Білім
Қазақстандық әскери қызметке шақыру жасына дау айтпақ болып, сотқа жүгінді

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, өтініш беруші Қағидаларда көрсетілген медициналық қайта куәландыру үшін белгіленген жас шектелімі (27 жас) оның еңбек бостандығына, қызмет түрін және мамандығын еркін таңдау құқығына нұқсан келтіретінін айтады, бұл құқықтар Қазақстан Республикасының Конституциясының 24-бабында бекітілген.
Конституциялық Сот жас шегінің Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабымен сәйкес келетінін атап өтті, онда «он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі, әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе әскерге шақырылудан босатылуға құқығы жоқ азаматтар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарды жасақтау үшін қажетті санында мерзiмдi әскери қызметке шақырылуға жатады».
zakon.kz жазғандай, өтініш мазмұнынан және оған қоса берілген құжаттардан өтініш субъектісінің, оның жасы ескеріле отырып, мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтар санатына жатпайтыны келіп шығады.
«Осыған байланысты өтініш беруші даулап отырған Қағидалар нормасы оның құқықтары мен бостандықтарын тікелей қозғамайды»,- делінген ақпаратта.
Алдын ала қарау қорытындысы бойынша Конституциялық Сот өтінішті конституциялық іс жүргізуге қабылдаудан бас тартты.