Әлем жаңалықтары
Қазақстандық атлет әлем чемпионатында алтын алды

Фото: IWF
Ауыр атлетикадан Перу астанасы Лимада өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Бейбарыс Ерсейіт жеңімпаз атанды, деп хабарлайды qandastar.kz
Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Спортшы 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды.
Қоссайыстың жалпы есебінде қазақстандық зілтемірші 262 келіні (117+145) көтерді.
Күміс жүлде түркиялық спортшы Рамазан Йылмазға бұйырды – 261 келі (108+153). Ал үздік үштікті ресейлік Абубакар Цакаев қорытындылады – 252 келі (113+139).