Қазақстандық Ажар Қабитова есімді әйел әлеуметтік желіде көпшілікті таңқалдырған оқиғасын айтты. Бұл туралы Qandastar.kz хабарлады.
Ол үшем босанған, бірақ олардың дамуы бір-бірінен бір айға дейін айырмашылықта болған. Соған қарамастан, үшеуі де бір күнде дүниеге келген.
«Алғашқы зерттеу кезінде дәрігерлер тек екі баланы көрген еді. Кейін өте сирек кездесетін жағдай – супефетация орын алды. Бұл — әйел жүкті болып жүріп, қайтадан жүкті болып қалатын құбылыс. Осылайша үшінші балам Әмре дүиеге келді. Туылғанға дейін де Әмре 3-4 апта баяу дамыды: кейін отырды, кейін еңбектеді, кейін жүрді», — дейді жас ана Іnstagram парақшасында.
Бұл ерекше оқиға әлеуметтік желіде тез таралып, көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Келіншек парақшасында үш баланың тәрбиесі мен күнделікті өмірімен бөлісіп отырады.



