Қазақстандық саяхатшы-блогер Дастан Мұхамедрахым америкалық танымал актер Уилл Смитке қазақтың ұлттық шапанын тарту етті. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі Кazinform парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Бейнежазба Дубай қаласында өткен халықаралық іс-шаралардың бірінде түсірілген. Кадрларда блогердің Уилл Смитке шапан жауып, қазақ мәдениетін таныстырған сәті бейнеленген.
Желі қолданушылары бұл әрекетті қазақ мәдениетін әлемге танытудың жарқын үлгісі ретінде бағалауда.



