Қазақстандық блогер Нұрсұлтан Сағатбек есекті жолақтап бояп, оны зебраға ұқсатқан видеосын жариялаған. Видео әлеуметтік желілерде кең таралып, қызу пікірталас тудырды, деп жазды qandastar.kz
Көптеген қолданушылар блогердің бұл әрекетін жануарға қатыгездік деп бағалап, қолданылған бояудың құрамында жануар денсаулығына зиянды химиялық заттар – ксилол, метилацетат немесе бутанол болуы мүмкін екенін атап өтті.
Интернет қолданушылары блогердің бұл ісіне құқықтық баға беруді талап етіп, eOtinish платформасы арқылы шағым түсіруге ниетті екендерін жеткізді.



