Жаңалықтар
Қазақстандық боксшы трансгендер деп басы дауға іліккен Иман Хелифті қорғады
Фото: ашық дереккөз
Жеңіл салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Балауса Мұздыман Tengri Sport басылымына берген сұхбатында алжирлік спортшы Иман Хелифтің Олимпиада ойындарындағы жеңісін қалай қабылдағанын айтты, деп хабарлайды qandastar.kz turkystan.kz сілтеме жасап.
Иман Хелифті 2016 жылдан бері білемін. Оның Карина Ибрагимовамен қалай жұдырықтасқаны есімде. Ол ауырады. Иә, ол гормондарына байланысты еркекке ұқсайды.
Десе де ол қыз. Оның әкесінің әлеуметтік желіде жариялаған суреттерін көрдік. Елі үшін алтын медаль алғанына қуаныштымын. Өйткені оған деген теріс көзқарас көп болды, бірақ ол бәріне төтеп беріп, мақсатына жетті, – дейді боксшы.