
Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
“Қазақтың көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейхановтың туған күніне орай Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінің дипломаттары оның Дон зиратындағы сталиндік қуғын-сүргін құрбандары жерленген жаппай бейітке гүл шоқтарын қойды”, – делінген ақпаратта.
Шараға Бөкейхановтың немере інісі, Мәскеу мемлекеттік технологиялық университетінің профессоры Нұрым Бөкейханов қатысқаны айтылады.
Әлихан Бөкейханов – «Алаш» ұлттық демократиялық партиясының негізін қалаушы және жетекшісі, саяси және қоғам қайраткері, педагог, журналист және этнограф.
1989 жылы мамырда КСРО Жоғарғы сотының жарлығымен Бөкейханов қылмыс құрамының болмауына байланысты ақталды.