
Фото: Shannon Stapleton / Reuters
Жуырда халықаралық кинобайқаудан қазақстандық туындыны көруіміз мүмкін. Отандық режиссер Әділхан Ержановтың 2024 жылы түсірілген «Кадет» фильмі «Оскардың» «Үздік халықаралық фильм» номинациясына ұснылды, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Қазақстан атынан бақ сынайтын туынды бұған дейін бірнеше фестивальді бағындырған. Қорқынышты драмада қатаң әскери мектептегі өзгерістер мен ананың жүрек толқынысын бейнеленген.
Жағымды жаңалықты режиссер әрі сценарист Әділхан Ержановтың Instagram парақшасында сүйіншілеп, қолдау білдіргендерге алғыс айтты.
Әлі есімде, әскери мектептегі қорқынышты фильмнің сценарийін ұсынған кезде көптеген компаниялар «тым қараңғы, тым авторлық» деп бас тартқан еді. Ақыры фильм Берлин, Токио, Карловы Вары, SXSW және басқа да фестивальдерде көрсетілді, ең бастысы – шағын бюджетін прокат арқылы ақтап шықты. Енді міне, біздің комитет оны «Оскар» номинациясына таңдады. Көрерменіміз әртүрлі киноны қалайды. Біздің жанрлар жаңарып жатыр! – деп жазды режиссер.



