Әлем жаңалықтарыЖаңалықтарҚаржы және төлемдерЭкономика және бизнес

Қазақстандық Германиядағы банк шоттарын бұзып, ірі көлемде қаржы ұрлаған

Алматы облысында ҰҚК қызметкерлері Қазақстан азаматын ұстады. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі infogram_kaz парақшасына сілтеме жасап хабарлады.

Операцияға Қазақстан Бас прокуратурасы мен Германия полициясы да атсалысты.

Ол Германиядағы банктік шоттарды бұзып, жеке деректерді ұрлады деген күдікке ілігіп отыр. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, оның әрекеттерінен келтірілген зиян бірнеше жүз мың еуроны құрайды.

Ұстау кезінде күдіктіден техника мен басқа да дәлелдемелер алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұл — соңғы бір айда болған екінші осындай жағдай. Бұған дейін Сиднейдегі казинодан бір миллион доллардан астам қаржыны алаяқтық жолмен ұрлаған қазақстандықтар туралы хабарланған еді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button