Соңғы күндері Қазақстандағы кәсіпкерлер арасында дау шықты. Себеп – Enbek.kz порталының жаңа “ГПХ шарттары” бөлімі және еңбек инспекциясынан түскен қоңыраулар, деп жазады qandastar.kz
Бухгалтер Лолита Закирова еңбек инспекциясынан қоңырау келгенін айтты.
“ГПХ (азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт) бойынша жұмыс істейтін адамдардың шарттарын Enbek.kz жүйесіне енгізбегеніңіз үшін айыппұл саламыз”, — деді ол.
Кәсіпкерлер де алаңдаушылық білдіріп отыр.
“Барлық жеке мердігерлер мен фрилансерлерді есепке алып, қосымша бақылау енгізіп жатыр ма?” деген сауалдар жиіледі.
Министрлік бұған мынадай түсініктеме берді.
ГПХ шарттары – еңбек шарты емес, тек қызмет көрсету келісімдері. Еңбек инспекциясы тек еңбек шарттарын бақылайды, ал азаматтық-құқықтық шарттар Азаматтық кодекспен реттеледі. Enbek.kz-дегі жаңа бөлім тек ыңғайлы болу үшін жасалған, әлеуметтік төлемдерді есепке алу мақсатында қосымша мүмкіндік береді», — делінген мәліметте.
Құқық саласының маманы Александр Даниловский заңды талап мәселесін қозғады.
“ГПХ шарттарын тіркеу туралы заңдық талап жоқ. Жаңа бөлім әлеуметтік төлемдерді цифрландыру үшін ашылды. 2025 жылдан бастап ГПХ бойынша жұмыс істейтіндер үшін де әлеуметтік жарна төлеу міндетті», — деді ол.



