Танымал режиссер әрі продюсер Ақан Сатаев 8 қаңтарда өмірден өткен актер Мұрат Бисембин туралы жазба жаряилады, деп жазады qandastar.kz сайты turkystan.kz-ке сілтеме жасап.
Ақан Сатаев Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазба қалдырды.
Бүгін біз қазақстандық кино тарихында үлкен із қалдырған тұлға – Мұрат Бисембинді терең қайғы мен алғыс айтып, еске аламыз. Өнерге қосқан үлесіңіз, адалдығыңыз және халық жүрегінде қалдырған ізіңіз үшін алғысымыз шексіз. Сіздің бейнеңіз кадрларда және соңғы титрлардан кейінгі үнсіздікте мәңгі өмір сүреді. Мәңгілік жадымызда, – деп жазды ол.
Айта кетейік, Мұрат Бисембин режиссер Ақан Сатаев түсірген «Рэкетир» фильмінде бас рөл сомдаған болатын.
Мұрат Бисембин бір жылдан астам уақыт бойы қатерлі ісікпен күресіп келген болатын. 2024 жылғы күзде оның диагнозы белгілі болып, жаңа жобалардан бас тартып, түсірілімдерді уақытша тоқтатуға мәжбүр болған. Кейінгі бір жарым жылда Мұрат Бисембин ауруханадан шықпай, ем қабылдап жүрген.
Ал былтырғы жылдың желтоқсан айында актер инсульт алып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram



