
Ресей Нұрлан Сабуровқа ел аумағына ұзақ мерзімге кіруге шектеу қойды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы «Риа Новости»-ге сілтеме жасап.
Қазақстандық стендап-комик Нұрлан Сабуровқа Ресей Федерациясының аумағына 50 жыл мерзімге кіруге тыйым салынды.
Бұл шешім елдің ұлттық қауіпсіздік мүдделерін қорғау мақсатында қабылданғаны хабарланды.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, өнер иесі Ресейде тапқан табысын делдал тұлғалар арқылы заңсыз жолмен қаржы айналымына енгізді деген күдік бар.
Осы дерекке байланысты тиісті шаралар қабылданып, көші-қон режимі аясында шектеу енгізілген.
Ақпаратты ресейлік дереккөздер таратты.


