Әлем жаңалықтары

Қазақстандық қыз Дубайдағы чемпионатта жүлде алды

Фото: облыстық білім беру басқармасы

А. Байтұрсынұлы атындағы мектептің 4-сынып оқушысы Василиса Павловская Дубайда ашық суда жүзуден «Oceanman» әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.Ол Қазақстан командасының құрамасының атынан турнирде U11 және одан кіші санаттағы үздік ондыққа кірді, деп хабарлады qandastar.kz сайты Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Қыздың жаттықтырушысы Дмитрий Жемалутдиновтың айтуынша, әлем чемпионатында үлкен бәсекелестік сезілді. Қарсыластар арасында олимпиада чемпиондары да болды. Василиса еркін жүзуде венесуэлалық Франческа Гарсиядан артта қалып, нәтижесінде екінші орынды иеленді.

– Ашық судағы жарыстар спортшылар үшін де, мен үшін де нағыз сынаққа айналды. 90 ел арасындағы бәсекелестік кезінде дайындық, стратегия маңызды болды. Біздің спортшылар керемет мінез және шыдамдылықты көрсетті. Бұл нәтиже үшін бәріміз бірге еңбек еттік, – деді Дмитрий Жемалутдинов.

Жас чемпион жүзумен бала кезінен бастап айналысады. Жеті жасында кәсіби спортқа қадам басты. Ашық судағы жарыстар бассейнге қарағанда қиынырақ болады. Тоғандарда көру шектеулі, толқындар мен температураның өзгеруі кедергі келтіреді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close