Қаржы және төлемдер

Қазақстандық қызметкерлерге жылына қанша сыйақы берілуі керек – Еңбек министрлігінің жауабы

Фото: ашық дереккөз
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов қазақстандықтарға бір жылға қанша сыйақы белгіленетінін айтты. Бұл туралы  qandastar.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Вице-министрдің айтуынша, заң бойынша жалақы тұрақты және ауыспалы болып екіге бөлінеді. Сыйақы ауыспалы жалақыға жатады. Сөзінше, тұтас алғанда тұрақты жалақының белгілі бір мөлшері жұмыс берушіге тиесілі.

“Ауыспалы жалақыға келсек, сыйақыны тікелей жұмыс беруші береді. Егер оларда ұжымдық шарт аясында еңбекақы төлеу жүйесі болса, онда қызметкерлер өкілдерімен бірлеседі. Заң мереке күндеріне сәйкес келетін төлемдерді немесе жұмыс нәтижесіне байланысты сыйлықақылардың мөлшерін шектемейді. Мұның барлығын жалақы жүйесіне сәйкес жұмыс беруші реттейді”, – дейді Ақмәди Сарбасов.

Бұған дейін елдегі ұлттық компаниялардың 2023 жылы басшыларына қанша сыйақы төлегені белгілі болған еді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close