Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

Қазақстандық олигархтар мафия ойнап, балық аулау үшін Кариб аралдарына барды

Фото:  shayekin_ruslan

Қазақстандық бір топ  олигарх қармақ сайлап, балыққа шығу үшін Тринидад және Тобаго Республикасына барған, деп хабарлайды qandastar.kz

Қазақстандық кәсіпкер Руслан Шаекин достарымен бірге Карибте түскен суретін жариялады.

«Сапар жақсы өтті. Әдеттегідей кешке мафия ойнап, әзілдесіп, шахмат турнирлерін өткіздік. Көптеген қызықты, жаңа нәрселер болды. Барлығы  келесі сапарды асыға күтуде», – деп жазды ол.

Шаекинмен бірге бизнесмен Игорь Стрелец, YPO Kazakhstan мүшесі және Алматы қаласы мәслихатының VIII шақырылымының депутаты Руслан Ыдырысов, танымал блогер және ірі брендтердің елшісі Бейбіт Әлібеков, Freedom Holding корпорациясының иесі Тимур Турлов және Magnum Cash&Carry ірі сауда желісінің басшысы Азамат Османов бар.  Олардың кейбірін Forbes тізімінен табуға болады.

Айта кетейік, Тринидад және Тобаго Республикасы — Кариб теңізінің оңтүстігінде орналасқан аралдық мемлекет.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close