Жаңалықтар

Қазақстандық отбасы грэпплингтен Азия чемпионатында топ жарды

Фото: Бейнеу ауданы

Атырау облысы Бейнеу ауданының тұрғындары – әкесі мен ұлы Таиландта грэпплингтен өткен Азия чемпионатынан жеңіспен оралды, деп жазды qandastar.kz

Бұл туралы Бейнеу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Әкімдіктің мәліметінше, 22-23 ақпан күндері Таиланд астанасы Бангкокта AIGA ASIAN CHAMPIONSHIP 2025 турнирі өткен. Азияның түрлі елдерінен келген мықты спортшылар сынға түскен турнирде қазақстандық спортшылар да өнер көрсеткен.

Бұл турнирде Бейнеу ауданының атағын асқақтатып жүрген спортшылар – Жеңіс Қайранов пен ұлы Еркебұлан Исламғали топ жарған.

Еркебұлан Исламғали 55 килограмм салмақта (15-17 жас аралығын) чемпион болса, әкесі Жеңіс Қайранов, 20 жастан жоғары 60 килограмм салмақта бірінші орынды иеленіп, өзінің тәжірибесі мен шеберлігін дәлелдеген.

«Жеңіс Қайранов пен Еркебұлан Исламғали – грепплинг тарихындағы іздерін қалдыратын спортшылар, олардың жеңістері жетістік қана емес, отбасылық құндылықтарға негізделген еңбек пен қолдаудың жемісі», – делінген әкімідік хабарласынмада.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close