Алматы әуежайында қолында суррогат аналардан туған сәбилері бар қытайлық екі отбасылық жұп ұсталды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Шетелдік азаматтардың қолында балалардың құжаттары болған.
Алматы полиция департаменті шетелдік азаматтардың ұсталғанын растады.
«Алматы полиция департаментінің тергеу бөлімі бұл оқиғаны Қылмыстық кодекстің 135-бабының 1-бөлігі «Кәмелетке толмағандарды саудалау» бойынша тергеп жатыр. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде», — деп хабарлады полиция.



