Жаңалықтар

Қазақстандық спортшы Италияда алтын алды

Фото: ҰОК баспасөз қызметі

Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италияның Линьяно қаласында өткен WTT Youth Contender Lignano 2024 халықаралық турнирінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды qandastar.kz

Ол 11 жасқа дейінгі санатта үздік атанды.

Спортшы Лола Уриа (Испания), жарыс қожайындары Серена Россати және Эмили Кожакару, Джулия Фернандес (Испания), Бьянка Тома (Румыния) сынды қарсыластарын 3:0 есебімен, ал Аялгуу Эрденехуягты (Моңғолия) 3:2 есебімен жеңді.

  • Еске салсақ, бұған дейін осы турнирде Жәния 13 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жарыста үшінші орынды иеленген.
Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close