Әлем жаңалықтары

Қазақстандық спортшы Түркияда топ жарды

Фото: ktf
25 қаңтарда Анталияда (Түркия) ITF W15 санатындағы турнир аяқталды. Сандуғаш Кенжебаева мен германиялық Жоэль Стойр финалда Асылжан Арыстанбекова/Дарья Шадчневаны 3:6, 6:4, 10:2 есебімен ұтты, деп хабарлайды qandastar.kz

Бұл – Сандуғаштың жұптық сындағы үшінші жүлдесі. Осылайша, қазақстандық теннисшінің қоржынында жұптық сын бойынша бес ITF титулы бар.

Ертең жұптық сын бойынша жаңартылған WTA рейтингінде Сандуғаш 690-нан 578-орынға көтеріледі.

Сандуғаш Кенжебаева – ойыншылар резервін жинақтау үшін құрылған Kazakhstan Tennis Academy Team Kazakhstan командасының түлегі.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close