Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан Эр-Рияд (Сауд Арабиясы) қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалына жолдама алды, деп хабарлайды qandastar.kz
Жартылай финалда Айтмұхан Олимпиада чемпионы бахрейндік Ахмед Тажудиновты, айқын басымдықпен жеңді. Белдесу 15:3 есебімен аяқталып, Қазақстан спортшысының жеңісін жария етті.
Осы нәтижемен Ризабек Айтмұхан 97 келі салмақта финалға шықты.



