Шоу бизнес

Қазақстандық стендапер әзілдері үшін қамалып қалды

Стендап-комик әрі іс-шара ұйымдастырушысы Әлібек Жұмабаев әзілдегені үшін 5 тәулікке қамауға алынған. Алайда арнайы қабылдау изоляторында бос орын болмағандықтан, комик үйіне жіберілген, деп жазады qandastar.kz. Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Блогердің мәліметінше, оқиға 2025 жылғы 2 қарашада сағат 21:00 Семейдегі Момышұлы көшесі 31/33 мекенжайында орналасқан «Костер» мейрамханасында өткен стендап-концерт кезінде болған.

Комик Instagram-парақшасына толтырылған хаттаманы жүктеді, онда оның стендап-шоуды өткізу барысында әдепсіз сөздер қолданғаны және өнерінің бейнежазбасын әлеуметтік желіге жүктегені көрсетілген. Құжатта Жұмабаевтың әрекеті Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы, 1-бөлігі бойынша «Қоғамға құрметсіздік танытты» деп бағаланған.

Жұмабаев кейінірек ізоляторда бос орын жоқ болғандықтан, қамауда ұстау шарасы орындалмай, үйіне қайтарылғанын мәлімдеді.

Абай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі стендап-комик Әлібек Жұмабаевтың ұсталғаны туралы ақпаратты растады. Ведомство мәліметінше, 2025 жылғы 22 қарашада шамамен сағат 21:00-де комик мейрамханада өнер көрсетіп, әдепсіз сөздер айтқан.

«Іс-шарадан түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарап, қоғамда қызу талқыға түсті. Жарияланған жазбаны зерттеген полицейлер қоғамдық орында бейәдеп сөздер айтқаны үшін құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Сот тергеу жүргізіп, комикті кінәлі деп таныған.

«Әкімшілік материалды қарау қорытындысы бойынша сот оны кінәлі деп танып, 5 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындады», – деді ведомство өкілдері.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button