Грузияда қазақстандық трансгендер әйел Томирис Құсайынова көз жұмды. Марқұмның денесін Қазақстанға жеткізу үшін оның отбасы мен жақындары қаражат жинауды бастады. Бұл туралы ЛГБТ құқықтарын қорғайтын Медеа халықаралық ұйымы хабарлады, деп жазады qandastar.kz.
Ұйым өкілдерінің айтуынша, Томирис қазақ және грузин қауымдастықтары арасында байланыс орнатуда ерекше рөл атқарған.
«Ол керемет көпір салушы еді. Оның энергиясы Грузия мен қазақ қауымдастығы арасындағы қарым-қатынасты күшейтуге ықпал етті», – делінген ұйым мәлімдемесінде.
Медеа ұйымы Грузия мен Қазақстанда транс адамдарға қатысты жүйелі немқұрайлылық пен құқық бұзушылық әлі де өзекті мәселе болып отырғанын атап өтті.
«Транс адамдар елден кетуге мәжбүр, алайда иммиграция кезінде олар зорлық-зомбылық, кемсітушілік және институционалдық немқұрайлылыққа тап болады», – деп хабарлады ұйым.



