Жаңалықтар

Қазақстандық жас футболшы қайғылы жағдайда көз жұмды

Фото: fcaktobe_official / instagram

«Ақтөбе» футбол клубының жасөспірімдер командасының ойыншысы Арон Мұса қайғылы жағдайда өмірден өтті, деп хабарлайды qandastar.kz.

15 жастағы футболшы «Ақтөбе U-16» командасында қорғаушы ретінде ойнаған.

Клубтың ресми хабарламасында былай делінген:

«Кеше QJ league турнирінде ойнайтын “Ақтөбе U-16” командасының ойыншысы, 15 жастағы футболшы Арон Мұса өмірден озды. Аронның отбасында үлкен қайғы болды — бауырымызбен бірге оның әжесі мен немере ағасы да көз жұмды. Мұса әулетіне және барлық туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз».

Қайғылы оқиғаның нақты себебі әзірге жарияланған жоқ.

Back to top button