Әлем жаңалықтары
Қазақстандық «жас Головкин» қанды жекпе-жекте чемпион атағын жеңіп алды
Фото: instagram/temiroov
Қазақстандық боксшы Виктор Теміров (5-0, 4 КО) Бад-Херсфельдте (Германия) кәсіпқой бокс кешінде өнер көрсетті, деп жазады qandastar.kz
Теміров қысқа мерзімде орнына түскен никарагуалық Робин Саморамен (21-32, 10 КО) титулдық жекпе-жек өткізді – бастапқыда қазақ жігіті венгриялық Оскар Фикомен (39-37-1, 20 КО) жұдырықтасуы керек еді, бірақ ол бас тартты. Бұл жекпе-жекте WBF Еуропа чемпиондық белбеуінің бірінші орта салмақтағы титулы сарапқа салынды. Жекпе-жек жоспарланған барлық он раундқа созылды және ауыр соққы алмасуларда өтіп, боксшылардың жүздері қанға боялған. Нәтижесінде төрешілердің бірауыздан қабылданған шешімімен Теміров жеңіске жетті.