ЖаңалықтарСпорт

Қазақстандық жекпе-жек шебері алаңдағы алғашқы жеңісін марқұм қызына арнады (ВИДЕО)

NAIZA лигасы ұйымдастырып жатқан қазақстандық ММА-дағы турнир барысында жекпе-жек шебері Елдар Отарәлі дебюттік шайқаста жеңіске жетіп, жылап қалды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Спортшы бұл жеңісін 5 жыл бұрын дүние салған қызына арнайтынын айтты.

«Осы күні 2020 жылы төрт жасында қызым қайтты. Бүгін шығу қиын болды. Қызым, жақсы көремін сені», — деді Елдар Отарәлі.

Желі қолданушылары спортшыға қолдау білдіріп, ізгі сөздерін жазып жатыр.

 

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button