Жаңалықтар

Қазақстандықтар ауылда тұрғысы келмейді: Екі жылда ел картасынан 80 ауыл жоғалып кеткен

Фото: ашық дереккөз

Дөңгелек үстел барысында депутат Жигули Дайрабаев екі жыл ішінде Қазақстан картасынан 80 ауыл жоғалып кеткенін мәлімдеді, деп жазды qandastar.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мәжілісмен ресми деректерге сүйене отырып, өткен жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша ауылдық жерлерде Қазақстан халқының 37,2 пайызы тұратынын айтты.

«Жыл сайын бұл көрсеткіш төмендеп келеді. Бүгінгі таңда Қазақстанда 6208 ауыл бар. Ал 2023 жылы 6286 ауыл болған. Осылайша, екі жылдың ішінде 80 ауыл жоғалып кетті. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, өткен жылы қазақстандық ауылдардағы халықтың көші-қон сальдосы минус 111 400 адамды құрады», — деп атап өтті Дайрабаев.

Депутаттың айтуынша, бұл соңғы 25 жылдағы ең төменгі көрсеткіш.

«Алматы және Атырау облыстарын қоспағанда, барлық өңірлерде көші-қон сальдосы нөлдік белгіден төмен болды. 29,2 мың адам кеткен Түркістан облысындағы жағдай ерекше алаңдаушылық туғызуда», — деді мәжілісмен.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close