Жаңалықтар

Қазақстандықтар Азия чемпионатында топ жарды

Фото:Спортты дамыту дирекциясы

Шри-Ланка астанасы Коломбода бокстан 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан жастар құрамасы тарихи жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды qandastar.kz

Жастар санатындағы (2007-2008 жылдары туған) жарыс нәтижесінде 25 салмақ дәрежесі бойынша (13 ұл, 12 қыз) жеңімпаздар анықталды. Ұлдар арасынан финалға 11 қазақстандық боксшы шығып, соның 10-ы алтын жүлдеге ие болды. Тағы бір спортшымыз қола медаль иеленсе, бір салмақта жүлде бұйырмады.

Жүлдегерлер тізімі:

Нұрхан Құмарбеков (48 келі)

Досымжан Таңатар (51 келі)

Алдияр Бахадүр (54 келі)

Нығман Нығмет (57 келі)

Әділет Тортубек (60 келі)

Мұхит Нұрқабылұлы (63.5 келі)

Сұлтан Тұрдалы (67 келі)

Игорь Соловьёв (80 келі)

Расул Асанханов (92 келі)

Бексұлтан Қайратұлы (+92 келі)

Жасұлан Бердалы (75 келі)

Нұрсұлтан Қыстаубай (86 келі)

Айта кетерлігі, бұған дейін қыздар құрамасы да 12 салмақтың барлығында топ жарып, өздерінің мықтылығын паш етті. Осылайша, Қазақстан жалпы есепте 22 алтын медальмен көш бастады.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close