Жаңалықтар

Қазақстандықтар тамыз айында қанша күн демалады?

Фото: ашық дереккөз

Қазақстан халқын тамыз айында бір мемлекеттік мереке күтіп тұр, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

30 тамыз – Конституция күні мемлекеттік мерекесі. Тамыз айында ел халқы осы күнді атап өтеді. Мереке күнтізбеде жұмаға түскендіктен аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек демала алады. Ал, алты күндік жұмыс аптасындағылар 30 тамыз демалып, 31-і жұмыс істеп, 1 қыркүйек қайта демалады.

Одан бөлек жаздың соңғы айында қазақстандықтарды 4 жексенбі күтіп тұр.

Тамыз айында елімізде 4 кәсіби мереке мен өзге атаулы күндер тойланады.

4 тамыз (тамыздың бірінші жексенбісі) – Көлік қызметкерлері күні; 10 тамыз – Абай күні; 11 тамыз (тамыздың екінші жексенбісі) – Құрылысшылар күні; 18 тамыз – Шекарашылар күні; 25 тамыз (тамыздың соңғы жексенбісі) – Шахтерлер күні; 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күні.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close