
Денсаулық сақтау министрлігі жедел жәрдем бригадаларының қозғалысын нақты уақытта бақылауға мүмкіндік беретін жаңа жүйені енгізіп жатыр, деп хабарлайды qandastar.kz
Қызмет әзірге Астанада тестілік режимде іске қосылған. Енді шақырту жасаған азаматтарға SMS немесе YandexGo push-хабарлама арқылы сілтеме жіберіледі. Сол сілтеме арқылы пайдаланушылар жедел жәрдем көлігінің қозғалысын картадан онлайн көре алады.
Жаңа жүйенің мақсаты – қызметтің ашықтығын арттырып, азаматтарға көмек жету уақытын бақылауға мүмкіндік беру.



