Қаржы және төлемдер

Қазақстандықтар жылуға 700 миллион артық төлеген

Фото: ашық дереккөз

Монополистер қазақстандықтарға 768 миллион теңге көлемінде жылу үшін төленген артық ақшаны қайтарады, деп жазды qandastar.kz

Finprom.kz мәліметінше, қайтарылған сома биылғы жылыту маусымында тұтынушылардың жеке есепшоттарына аударылады.

«2023/2024 жылғы жылыту кезеңінде жылумен қамту қызметін көрсететін табиғи монополия субъектілері жылу есептеу құралдары жоқ тұтынушылар үшін 768,2 миллион теңге көлемінде қайта есептеу жүргізді», – деп жазылған хабарламада.

Аймақтар бойынша қайтарылатын сома:

  • Шығыс Қазақстан облысы – 354,5 миллион теңге (ең жоғары көрсеткіш);
  • Алматы – 95,4 миллион теңге;
  • Маңғыстау облысы – 60,9 миллион теңге;
  • Қызылорда облысы – 38,6 миллион теңге;
  • Ақтөбе облысы – 37,7 миллион теңге;
  • Ақмола облысы – 33,5 миллион теңге;
  • Қостанай облысы – 32 миллион теңге.

Қарағанды және Ұлытау облыстарында жылу энергиясымен қамту құны нақты температураға байланысты есептелетіндіктен, тұтынушыларға басқа тәсіл қолданылатыны хабарланды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close