Жаңалықтар

Қазақстандықтардың Антикор мен Экономикалық тергеу қызметіне сенімі жоқ – сауалнама

Фото: ашық дереккөз

Ұлттық статистика бюросы халықтың құқық қорғау органдары мен сот жүйесіне деген сенім деңгейін зерттеу үшін сауалнама жүргізді, – деп хабарлайды qandastar.kz

Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың ішінде өртке қарсы қызмет ең сенімді болып табылды – 79,4%;

66 пайызы прокуратураға сенеді;

61,8% – сот жүйесіне;

61,6% – полиция;

50.9 – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет;

47,8% – Экономикалық тергеу қызметі.

Байқағанымыздай, сенімнің ең төмен көрсеткіші Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Экономикалық тергеу қызметіне тиесілі.

Бұған қоса респонденттердің 64%-ы өзін толық қауіпсіз сезінетінін айтқан, ал әйелдер ерлерге (70%) қарағанда өзін азырақ қауіпсіз сезінеді (58,5%). Сонымен қатар, әйелдердің көшедегі аяқасты шабуылдан қорқатыны анықталды.

Жамбыл облысының тұрғындары (76,5%) өздерін ең қауіпсіз, жайлы сезінетін өңір болып шықты ал Шығыс Қазақстан облысында тұратындарда жағдай тұрақсыз – 45,7%.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close