Жаңалықтар

Қазақстандықтардың несиесі 20 триллионнан асты

Фото: ашық дереккөз

Биыл қазақстандықтардың несиесі тағы көбейіп, 20,3 триллион теңгеге жетті, деп хабарлайды qandastar.kz

«Халыққа берілген несиелер қараша айында 2,6 пайызға ұлғайып, 20,3 триллион теңгені құрап отыр. Жыл басынан бері азаматтар алған кредит 21,8 пайызға артқан. Соның ішінде тұтынушылық қарыз 3 пайызға көбейіп, 13,5 трлн теңгеге жетті», – деп мәлімдеді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.

Қараша айының қорытындысы бойынша банктердің ипотекалық портфелі 6 трлн теңгеге дейін өскен. Осы жылдың 11 айында 1,8 трлн теңгеге жаңа ипотекалық қарыздар берілген. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 23,3 пайызға артық.

2024 жылғы қараша айында халыққа теңгемен берілген кредиттер бойынша орташа сараланған сыйақы мөлшерлемесі 16,9%-ға дейін төмендеген.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close