Қаржы және төлемдер
Қазақстандықтардың табысы азая бастады
Фото: ашық дереккөз
Қазақстандықтардың табысы азая бастады, деп жазады qandastar.kz atamekenbusiness_qaz-ға сілтеме жасап.
Ұлттық статистика бюросының соңғы есебіне сенсек, үшінші тоқсанда орташа жалақы 390 мың теңге болды. Бұл үш ай бұрынғымен салыстырғанда 13 мың теңгеге аз (403 251 тг). Орташа жалақы Атырау (6,1) мен Қостанай (0,2) өңірлерінде өскен. Түркістан облысында 17,8 пайызға төмендеген. Жамбыл мен Қызылорда өңірлерінде де 13,4-10 пайызға азайған.
Ең жоғары орташа жалақы Атырау облысында – 630 894 теңге.
Ең аз орташа жалақы Жетісу облысында – 280 464 теңге.