Қаржы және төлемдер
Қазақстандықтарға 140 мың әлеуметтік төлем беріледі деген хабар тарады
Фото: ашық дереккөз
Әлеуметтік желіде алаяқтықтың жаңа түрі шықты. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министлігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды qandastar.kz
Alash.kz ұлттық порталы төлемді алу үшін алаяқтар сілтемеге өтуді талап ететінін жазған.
“Төлемнің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуілеріңізді сұраймыз. Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады. Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұраймыз.”, – делінген хабарламада.