Жаңалықтар
«Қазақстанға әскер жіберсе, бақытты болам». Симонян тағы арандата сөйледі
Фото:ratel.kz
Ресейлік пропогандист, Russia Today арнасының редакторы Маргарита Симоньян сөзінің арасында Қазақстан туралы арандатушы сөз айтты, деп хабарлайды qandastar.kz сайты Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Маргарита Симонян Ресейде «заңгерлер де, экономистер де» әскерге баруды армандауы керек деп санайды. Оның ойынша сонда ғана елге ешкім қауіп төндіре алмайды.
Сонымен қатар, ол Ресей әскерінің Сириядан шығарылуын дұрыс деп есептемейтінін атап өтті.
«Мен Украинада, Сирияда және егер тағы да шақырса, Қазақстандағы қандай да бір «бармалейлермен» күресу үшін [соғысуды] өзімізге мүмкіндік бере алатын болсақ, өте бақытты болар едім», – деді пропагандист ЭМПАТИЯ МАНУЧИ хабарына берген сұхбатында.
Симонян айтып отырған “Бармалей” Корней Чуковскийдің доктор Айболит туралы ертегілеріндегі зұлым, тонаушы әрі каннибал кейіпкер. Кремль пропагандисі осы сөзі арқылы Қаңтар оқиғасы кезінде ҰҚШҰ әскерінің Қазақстанға кіргізілуін, “Бармалей” деп билік нұсқасы бойынша “террорист” деп танылғандарды тұспалдап тұрған болуы мүмкін.