Жаңалықтар
Қазақстаннан әсері күшті дәрілердің ірі көлемін заңсыз әкетпек болғандар ұсталды
Фото: ашық дереккөз
Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады, деп жазады
Бір топ адам сөз байласып, витаминдер түрінде жасырылған, адам өмірі мен денсаулығына ауыр әсер ететін заттары бар анаболиктер мен стероидтерді АҚШ пен Еуропа елдеріне жөнелтпекші болған.
“206 мыңға жуық ампула мен таблетка, сондай-ақ шприцтер, желімдеуге арналған станок, пошта конверттері, құтыларға арналған өздігінен жабысатын жапсырмалар табылып, тәркіленді”, – делінген хабарламада.
Ұйымдастырушылар ұсталып, сот оларға қатысты «үй қамағына алу» бұлтартпау шарасын қолданды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.