Әлем жаңалықтары

Қазақстаннан Ресейге бет алған 34 дрон тәркіленді

Фото: ашық дереккөз

Қазақстаннан Ресейге бет алған «Газель» көлігінен 34 ұшқышсыз ұшу аппараты мен бір квадрокоптер табылды. Бұл жүк Ресейдің “Сагарчин” шекара бекетінің маңында кеден қызметінің мобильді тобының тексерісі кезінде анықталды, деп хабарлайды qandastar.kz

Ресей Федералдық кеден қызметінің ақпараты бойынша, “Газельді” тексеру барысында FPV-дрондар мен екі FPV қанатты «Ключ-Фортуна» аппараты табылды. Бұл дрондар бейнені тікелей онлайн түрде жеткізуге арналған камералармен жабдықталған және бөлшектелген күйде болған. Дегенмен, дрондардың ешбірі тауардың ілеспе құжаттарында көрсетілмеген.

Жүкті тасып жүрген азамат дрондар өзіне тиесілі екенін айтып, оларды жеке бейнемазмұн жасау үшін пайдаланатынын жеткізді. Алдын ала сараптама нәтижелері бойынша, екі аппараттың бірі жүк тастауға бейімделген ұшақ түріндегі дрон, ал екіншісі барлау мақсатында қолданылатынын көрсетті. Сонымен қатар, 32 ұшқышсыз аппараттың жиынтығының бөлшектері 5 келіге дейінгі жүк салмағын көтеретін аппараты құрастыруға мүмкіндік береді.

Барлық дрон бөлшектері тәркіленіп, қазіргі уақытта олар бойынша сараптама жүргізу мәселесі қарастырылуда. Кеден қызметі бұл көлемдегі дрондардың жеке мақсаттарға арналмағанын және олар азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төндіретінін атап өтті.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button