Жаңалықтар

Қазақстаннан шыққан теледидарлар сатылымға шықпақ

Фото: ашық дереккөз

Биыл елімізде жасалған алғашқы теледидарлар нарыққа шығады, деп жазады qandastar.kz

Samsung компаниясының алғашқы қазақстандық теледидарлары 2025 жылдың екінші тоқсанында сатылымға шығады. Тұрмыстық техниканы Қарағанды облысындағы Silkroad Electronics зауыты өндірмек. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Samsung Electronics Central Eurasia компаниясы президентімен кездесіп, тиісті келісімге қол қойылды.

«Бұл жоба отандық машина жасау саласы үшін қосымша мүмкіндіктер ашып, жоғары білікті жаңа жұмыс орындарын ашуға септігін тигізеді», — деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close