Әлем жаңалықтарыБасты жаңалықтар

Қазақстанның Абраам келісімдеріне қосылуы — жаңа геосаяси бағыт па?

АҚШ делдалдығымен жасалған Израиль мен бірқатар араб елдері арасындағы Абраам келісімдеріне Қазақстанның қосылатыны туралы жаңалық көптеген сарапшылардың назарын аударды, деп хабарлайды QANDASTAR сайты The Washington Post басылымына сілтеме жасап.

Мақала авторы, журналист Ишаан Тарурдың айтуынша, Қазақстан Таяу Шығыстың бір бөлігі болмаса да, бұл қадам елдің сыртқы саясатындағы жаңа кезеңді білдіреді. Ел тәуелсіздігін алғаннан кейін көп ұзамай, 1992 жылы Израильмен дипломатиялық қатынас орнатқан болатын.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл шешімді «Таяу Шығыста болып жатқан үдерістерге Қазақстанның шағын үлесі» деп сипаттап, оның елдің бейбітшілік пен диалогты қолдау бағытына сай келетінін айтты.

Тоқаевтың айтуынша, Абраам келісімдеріне қосылу практикалық нәтижелерден гөрі символдық мәнге ие. Сарапшылар бұл қадамды АҚШ-пен қатынасты нығайту және Ресей мен Қытайға тәуелділікті азайту амалы ретінде бағалайды.

Вашингтондағы кездесуде Қазақстан мен АҚШ арасында 17 миллиард доллардан астам келісім жасалған. Оған Boeing ұшақтарын, John Deere ауылшаруашылық техникасын және OpenAI мен Nvidia секілді америкалық компаниялармен бірлесіп жасанды интеллект чиптерін сатып алу кіреді.

Бұдан бөлек, Қазақстан вольфрам мен басқа да стратегиялық маңызды минерал қорларын игеру бойынша америкалық тараппен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Сарапшылардың пікірінше, бұл келісім Қазақстанның көпвекторлы саясатының жалғасы және елдің АҚШ пен Еуропамен байланысын тереңдетуге бағытталған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button